Өзбекстан сыртқы істер министрі міндетін атқарушы Бахтиёр Саидов пен АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен көктемнің алғашқы күнінде Ташкентте келіссөз жүргізіп жатыр. Блинкен сапарының басты мақсаты - Өзбекстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық әріптестікті әрі қарай дамыту мәселелерін талқылау. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 1 наурызда Саидов пен Блинкен кездесуінің маңызды бөлігі жабық өтті. Жүздесуде іскерлік қатынасқа жағдай