Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА отырысында табиғат апатын еңсеретін күн алыс емес екенін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Оның сөзінше, тасқын су кеткен соң одан зардап шеккен аймақтар қалпына келтіріледі, азаматтарға шығындарын өтеу үшін тиісті өтемақы төленеді.