Әлемдік БАҚ не жазып жатыр? Тұтынушылар есебінен… The Wall Street Journal ірі брендтер тұтынушылар есебінен инфляцияға табысты қарсы тұра алып жатқанын хабарлады. Coca-Cola сусынын, Dove сусабынын, Huggies жөргегін және биг-макты өндірушілер бағаны көтеріп жатыр. Өйткені олардың өнімді ораудан бастап жалақыға дейінгі барлық шығыны артып жатыр. Сейсенбі күні жаһандық бренд жетекшілері әзірше бұл шығынды тұтынушыларға аударатынын мәлімдеді.