Елорда әкімдігі «Тәуелсіздік күнінде Астанада отшашу ұйымдастырыла ма?» деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Елімізде Тәуелсіздік күні 16 желтоқсанда тойланады. Бұл мерекеге орай түрлі іс-шаралар ұйымдастырылады. Дегенмен қалалық әкімдік отшашу болмайтынын алға тартты.