Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, эвакуация басталғалы бері Таяу Шығыс елдерінен 8585 қазақстандық елге қайтарылған. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. ҚР Сыртқы істер министрлігі құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастыруда. Өңірдегі Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктері жергілікті жерде іс-қимылдарды үйлестіру жұмыстарын жалғастырып, отандастарымызбен тұрақты байланыста. Күні кеше сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Израиль Мемлекетінің Сыртқы...