Әлихан Смайылов премьерлікті ешкімге бергісі келмейтіні жөнінде ақпараттар тарап жатыр. Жалпы қазір үкіметті кім басқарады деген сұрақ «ауада ілініп тұр». Сайлаудан кейін кабминді Жұманғарин басқарады екен деген бір әңгіме шыққан. Кейін Досаев келеді екен деп те сыбыс тарады. Алайда Смайылов өз лауазымын ешкімге бергісі жоқ көрінеді. Бір ай бұрынғыдай өзінің премьерлік кестесін жоспарлап жатқан көрінеді.