Түркияның Кахраманмараш провинциясында жойқын жер сілкінісінен кейін 248-ші сағатта 17 жасар қыз құтқарылды. Апат аймағында іздеу-құтқару жұмыстары 11-ші күн жалғасып жатыр. Ölmez – өлмес рух «Анадолу» түрік ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Алейна Өлмез есімді қызды Кахраманмараш қаласының Каябашы кварталындағы тұрғын үй ғимаратының астынан тапқан. Дәрігерлердің алғашқы көмегінен кейін ол ауруханаға жеткізілді. Қызды құтқаруға қатысқан Сакариядан келген