17 қазанда Иран билігі Тегерандағы «Эвин» түрмесіндегі өрттен қаза тапқандар саны сегізге жеткенін хабарлады. Түрме 16 қазанға қараған түні елдегі наразылық кезінде өртке оранған. Иранның Mizan сот ақпарат агенттігінің хабарлауынша, оқыс оқиға салдарынан қаза тапқандардың аты аталмады, дегенмен олардың барлығы - ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеп жатқандар. Ресми дерекке сәйкес, өрт түрмедегі тігін цехында тұтқындар