Жетісу облысының Текелі қаласында жол жөндеу жұмыстарына тартылған экскаватор 11 жастағы қызды қағып, салдарынан бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Tizgin.kz. Қайғылы жағдай 3 қарашада болған. Оқиғаға байланысты полиция қылмыстық іс қозғады. Экскаватор жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалған. Жол қозғалысы ережелері мен жөндеу жұмыстары кезіндегі қауіпсіздік талаптарының сақталғаны тексеріліп жатыр.