«Мұсылман болып, төрт әйелмен тұрсаң осы», деп қынжылып жүр Қазақстандағы «қызық персонаждардың» бірі Мұрат Телібеков. «Қазақстан мұсылмандары одағы» дейтін тіркелмеген ұйымның басшысы боп жүрген адамның сөзі осы. Өткенде Телібековтің тар үйінде төбелес болып, дау шыққан. Сөйтсек, қиғылықты салған ең жас, төртінші әйелі екен. Оның ұлты орыс екен, ал мұсылманның дәстүрі орыс адамына жүрмейтін көрінеді.