Теміртауда ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде технологиялық ақау пайда болды. Осыған байланысты қалада төтенше жағдайлар режимі енгізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков тұрғындарға бейнеүндеу жасап, оны желі парақшасында жариялады.