Жетісу гарнизонында теңіз жаяу әскерлерінің 60-тан астам жауынгері парашютпен секірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Теңіз десантшыларының дайындығы екі аптадан астам уақытқа созылды. Теңіз жаяу әскерлерінің десанттық-шабуылдау батальоны Әскери-теңіз күштерінің құрамына кіреді.