Каспий теңізіне үрлемелі матраспен ағып кеткен үш қыздың туысқандары облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ғимаратының алдында жанжал шығарды. Олар құтқару операциясы таспаланған видеоны өшіруді талап етіп отыр. Себебі құтқарушылар түсірген видео-фотосуреттер әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен. Қыздардың рұқсатынсыз жариялаған дейді ата-аналары. Естеріңізге сала кетейік, 25 шілде күні таңғы сағат 6-лар шамасында «Қазтеңізкөлікфлоты» компаниясына қарасты «Сұңқар»