Рас, көпшілік түсінбей жатыр. «Тәлібтер лаңкестер ғой, олармен қандай форум өткізуге болады» деген пікір айтуда. Бірақ оларға деген көзқарас қандай болса да, «мемлекеттік мүдде» дегенді ешкім ысырып тастамайды. Тәлібтермен байланыс бізге не үшін керек екенін блогер Асхат Қасенғали былай түсіндірген екен: 1. Ауғанстанда 38-40 млн арасында халық тұрады. Нақты санын БҰҰ-да, Ауғанстанның өзі де білмейді.