Облыстық полиция департаменті мәлімдегендей, 22 желтоқсан күні сағат 11.00-ден бастап Қарағанды қалалық полиция бөлімдерінің кезекші бөлімшелеріне қаладағы бір қатар мектептерде жарылғыш зат орнатылғаны туралы хабарламалар түсе бастаған. Жарылғыш зат туралы хабарламалар мектептердің электрондық поштасына түскен. Қарағанды облыстық Полиция департаментінің жедел кезекшісімен мектептерге барлық жедел қызметтер жұмылдырылды. Ол жерлерді тексеру барысында ешқандай жарылғыш зат табылған жоқ.