Ішкі істер министрлігі терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама берген адам жауапқа тартылатынын еске салады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Адам терроризм актісі туралы жалған ақпарат, хабарлама таратса, Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша 5000 АЕК (14,5 миллион теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салынады немесе түзеу жұмыстары беріледі. Оған қоса адам бес жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе шектеледі.

Терроризм туралы жалған хабарлама таратқан адамға қандай жаза беріледі?
Жаңалықтар




































