Астана қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі, заң ғылымдарының докторы, профессор Есберген Алауханов Назарбаев дәуірінде заңсыз сотталған адамдардың соңғы 5-6 жылда ақталып жатқанын айтып, жаңа Конституция жобасына қазақстандықтарды заңсыз ұстап, соттағаны үшін жазалауды көздейтін бап енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.