Елдегі көп жылыжай банкроттықтың алдында тұр. Соңғы бір жылда Қазақстанда пайдаланылатын жылыжайлардың ауданы 18,1% қысқарды. Мұндай нысандардағы 1,5 мың гектарға жуық жердің іс жүзінде 1,2 мың гектарына ғана көкөніс, көшет және гүл өсірілді. 270,5 гектар аумақты құрайтын кешендер не бұзылмаған, не пайдаланылмаған, бос тұр. Көбіне фермерлік жылыжай көлемі азайғаны байқалады. 2022 жылы — 210,3 гектарға