Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы төтенше жағдайға байланысты жедел штабтың отырысында жағдайға салғырт қарағандардың бәрі жазаланатынын мәлім етті. Президенттің айтуынша, барлық қажетті тапсырма берілсе де, былтырғы алапат өрттен тиісті қорытынды шығарылмады. Қауіп-қатердің бағаланбағаны қазірдің өзінде түсінікті болып отыр. Болжам дұрыс жасалмады. Нәтижесінде табиғат апаты тиісті дәрежеде әрі дер кезінде ауыздықталмады. Демек, тиісті алгоритмдер жұмыс