Абай облысында қардың қарқынды еруінен Аягөз өзенінің суы арнасынан көтерілді. Дегенмен төтеншеліктер жағдайды бақылауға алып, аудандағы тұрғын үйлерді су басу қаупі жоқтығын мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Өзен суы арнасынан көтерілуінен 5 аула учаскесі су астында қалған.