Жамбыл облысы Мерке ауданында жергілікті автомектеп аумағында 10-сынып оқушылары арасында төбелес болған, салдарынан бір жасөспірім оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. Жасөспірімнің өлімі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталып, сараптамалар тағайындалды.