Олай болар деп кім ойлаған? Бір қараса, бастығы өзіне қарай ұмтылып келеді екен. Жұдырығын түйіп алған. Неге ұрғалы келе жатқанын түсінбеген қарамағындағы жігіт ағасы қаша жөнелді. Қуып келеді, бір-бірінің ара қатынасы суып келеді. Қуып келе жатқаны: «Тоқта!» дейді. Қашып келе жатқаны: «Басеке, сізді беремін сотқа!» дейді. Бірақ, не үшін қашып келе жатқанын түсінбей, безектеп келеді. […]