Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов зейнетке шығу жасын төмендету мәселесіне қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. «Бұл мәселе талқыланады. Шынымды айтсам, бұл қиын сұрақ. Бұл жерде біз халықаралық тәжірибені ескереміз. Жалпы алғанда халықаралық тәжірибені алып қарасақ, зейнет жасын төмендемеген. Қазір сіз айтып отырған мәселені тек кеншілер емес, мүгедек балалы аналар да көтеруде. Сондықтан біз жыл соңына …