Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов сахнада бейәдеп көрсетіп, Туға құрметсіздік көрсеткен әнші «Ирина Кайратовна» тобы мен Shiza-ға қатысты пікір білдірді деп хабарлады turkystan.kz. Бұл туралы ол бүгін Astana Hub-та жастармен кездесу барысында айтты. «Ашығын айтқанда, ұят жағдай болды. Олар жазаларын алды. Әкімшілік жазаға тартылғанын бәріңіз білетін боларсыздар. Мұндай мәселеге ешқандай мемлекеттің басқаша көзқарасы болмайды. Оны әр …