Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қостанай, Түркістан, Ұлытау облыстарының және Алматы қаласының Полиция департаменттерінде және Орал қаласының Полиция басқармасында бастықтардың жаңа орынбасарлары мен бөлімше бастығы тағайындалды. Орынбасарларды Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов тағайындады, деп хабарлайды Polisia.kz. Марат Ахметжанов Ішкі істер органдарын дамытудың жаңа стратегиясы аясында бірінші кезекте кадр саласына басымдық берілетінін айтты. Оның айтуынша, қызмет өткеру