Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлағандай, бұл Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналады. Мәжіліс пен сенаттың бірлескен отырысы 1 қыркүйекте сағат 11:00-ге жоспарланған.