Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына іс-сапармен барып, облыс жұртшылығымен кездесу өткізді. Өз сөзінде президент Атырау облысы мұнай мен газды терең өңдейтін орталыққа айналу керектігін айтты. Осы ретте аймақта мұнай-химия кластерін құрудың бірінші кезеңі осылай жүзеге асырылып жатыр. Еліміз мұнай-химия өнімдерінің 95 пайызына жуығын импорттап отыр. Бұл – дұрыс емес. Біз ішкі сұранысты толық қамтамасыз