Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еңбек сіңірген өнер қайраткері Олег Лиді ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады деп хабарлады turkystan.kz. Мемлекет басшысының тиісті Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды. «Театр өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Мемлекеттік республикалық корей музыкалық комедия театры» РМҚК актері Олег Сафронович Ли ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен наградталсын», – делінген мәтінде.