Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 3 маусым күні Режеп Тайип Ердоғанның шақыруы бойынша Анкараға жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады мемлекет басшысының ресми медиа ресурстары. Сол күні, 3 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанды салтанатты ұлықтау рәсіміне қатысады.