Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде Құранды өртеу фактілеріне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, Құран өртеу акциялары қазіргі әлемдегі жағдайды шиеленістіріп, ұлт пен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған. Бұл – мемлекеттер мен халықтар арасында рұқсат етілмеген арандатулар. Діни вандализм мен кей мемлекеттердің азаматтары тарапынан жасалған әрекеттер жалпыға бірдей танылған нормаларға қайшы келеді. Мұндай акциялар бірауыздан айыпталуы тиіс, деді