Жетісу өңірінің жұртшылығымен кездесуінде президент облыс тұрғындарының 10%-і ғана газбен қамтылғанына назар аударды. 2025 жылға дейін Кербұлақ өңірінен Талдықорған қаласының маңына дейінгі барлық елді мекендерді газбен қамтуды тапсырамын. Сонымен қатар «Талдықорған-Үшарал» газ құбырын тарту қажет. Бұл 180 мың адам тұратын Ақсу, Сарқанд және Алакөл аудандарын газбен қамтуға мүмкіндік береді. - деді мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаев