Мирзияевтің баяндамасын шолып шыққан Dalainside осындай ұйғарымға келді. Жаңа Қазақстандағы жедел реформалар өзбек билігінің ұйқысын қашырғанға ұқсайды. Ташкент шетел капиталын көршінің қанжығасына байлап бергенді мүлде қаламайды. Шетелдің бизнес өкілдерін шәйға шақырған Мирзияев әлгілерді өзбек нарығына қаржы құюға үгіттеп, уәдені-үйіп төкті. Жаңа Өзбекстанда инвестордың құқы алабөтен, айрықша қорғаларына кепілдік берді. Өзбек басшысы Батыстан келетін қомақты капиталдан