Өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сауд Арабиясына ресми сапары қоғам арасында қызу талқыланды. Әсіресе президенттің қасиетті Мекке қаласында кіші қажылығын өтеуіне көпшілік тәнті болды. Президент есігі ерекше жағдайларда және аса сыйлы қонақтарға ғана ашылатын қағбаның ішіне кіру мәртебесіне ие болғаны да жұрттың жақсылыққа сенімін нығайтты. Қазақстанның мұсылман халқы президенттің жасаған дұғасы, құлшылығы қабыл болсын