Президент Қасым-Жомарт Тоқаев боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді. Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы –