Қасым-Жомарт Тоқаев пен Юн Сок Ёль Қазақстан-Корея бизнес форумына қатысты, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі. Мемлекет басшысы өз сөзінде жиынға қатысқан бизнес өкілдеріне ілтипат білдіре отырып, екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың ең перспективті бағыттарына тоқталды.