Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ëльге Сеулде болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адам қаза табуына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Сеул қаласының Итэвон ауданында көптеген адамның қаза тапқаны жөніндегі суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қайтыс болғандардың жақындары мен туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын.