Белгілі қытайтанушы Әділ Кәукенов Қазақстан Президентінің Қытайдың CCTV орталық телеарнасына берген сұхбатын талдады. Кәукенов өзінің телеграм-арнасында былай деп жазды: «Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытай аудиториясын баурап алуда. Әсіресе, журналист Тоқаевтан Қытайдың қай заттарын сағынатынын сұрағаны өте орынды болды. Қасым-Жомарт Кемелұлы ащы Сычуань тағамдарын, хуэйгожоу, даньданьмянь сүйікті қытай тағамдарын және Бейжіңше үйректі жақсы көретінін айтты.