24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев исламның бас киелі ордасы Мекке қаласында ұмра (кіші қажылық) жасады. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясында құрметке ие болды. Ол ерекше жағдайларда есігі мәртебелі қонақтар үшін ашылатын Қағбаның ішіне кірді. Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан Президентіне көрсеткен зор құрметін білдіреді.