Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шілденің төртіне бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты жоғары оқу орыны, мектеп пен өз атындағы қор басшысы ретіндегі мәртебесінен айыратын түзетулерге қол қойды, деп жазды Азаттық радиосы. «Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» туралы заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, автономды білім ұйымдарының қамқоршылар кеңесін құрудағы мемлекет басшысының өкілетін белгіледі. Бұл өзгерістер