Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Қазақстан мен Түркия көшбасшылары бірін-бірі Ораза айт мерекесімен құттықтады және бауырлас екі халықтың өсіп-өркендеп, жетістікке жетуіне тілектестік білдірді. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін дамытудың перспективаларын талқылады. Режеп …