Қазақстан мен Түркия президенттері бір-бірін Ораза айт мерекесімен құттықтап, екі ел халқына бақ-береке тіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Мемлекеттер басшылары қазақ-түрік стратегиялық серіктестігін одан әрі дамытуға әрдайым дайын екенін жеткізді. Әңгіме барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін белсенді саяси диалогты қолдау маңызды екені айтылды. Бұдан бөлек, президенттер көпжақты форматтағы тығыз ықпалдастықты жалғастырудың маңызына тоқталды. Халықаралық ұйымдар аясындағы алдағы кездесулердің кестесін талқылады. Айта кетейік, бұған дейін Түркия президенті Ердоған елдегі жаппай наразылықтарға қатысты мәлімдеме жасаған еді.The post Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, екі ел халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады appeared first on KZNEWS.KZ ҚАЗАҚСТАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ.

Тоқаев пен Ердоған телефон арқылы сөйлесіп, екі ел халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады
Жаңалықтар






























