Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Сингапур Президенті Халима Якобпен келіссөздер жүргізді. Келіссөздер алдында «Ақорда» резиденциясында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт берді. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалып, бірге суретке түскеннен кейін президенттер кеңейтілген форматта кездесу өткізу үшін залға қарай өтті. Тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы саяси диалогты нығайту,