Мемлекет басшысы Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорда хабарлады. Президенттер сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту перспективаларын талқылап, аймақтағы өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты. Екі ел үкіметтері арасындағы табысты өзара іс-әрекет, соның ішінде өзара тауар айналымының оң қарқыны туралы айтылды. Әңгімелесу кезінде Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды 70 жасқа толған