Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлер мен тәртіп сақшыларын кәсіби мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Президент Тwitter-де жазды. Мемлекеттік қызметшілерді және тәртіп сақшыларын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Сіздер ел игілігіне қызмет етудің озық үлгісін көрсетесіздер деп сенемін, деді Мемлекет басшысы.