Астанада ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің шағын құрамдағы отырысы өтіп жатыр. Отырыста мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кіріспе сөз сөйледі. Президент мемлекет басшыларына Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдағанына алғыс білдірді. Қонақжай Қазақстан жеріне қош келдіңіздер. Ең әуелі, Қазақстанның ТМД-ға төрағалығы аясындағы бастамаларын қолдап, осы күндері Астанада өтіп жатқан халықаралық іс-шараларға белсенді қатысқандарыңыз үшін шын жүректен алғыс