Іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысу үшін Самарқанд қаласына жұмыс сапарымен барады. Ақорданың баспасөз қызметі мәлім еткендей, іссапар 10-11 қарашаға жоспарланып отыр. Жиын барысында мемлекеттер басшылары ТМҰ аясындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларын қарастырады, делінген хабарламада. Сондай-ақ саммит қатысушыларымен екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр.