Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасына қосымша гуманитарлық көмек жіберу жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жер сілкінісі болған аудандардағы зардап шеккендерге көмек көрсету үшін шатырлар, жылытқыштар, жылы киімдер және басқа да ең қажетті заттар жіберіледі, делінген хабарламада. Еске салайық, Түркияда ірі жер сілкінісі 6 ақпанда басталды. Магнитудасы