Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан жұртшылығымен кездесуінде сөйлеген сөзінен: соңғы жылдары Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артты; 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынды; 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келді; соңғы үш жылда аймақтағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы 1,5 есе өсті; облыста 64 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылды;