Мемлекет басшысы көлік-транзит әлеуетін дамыту жөнінде кеңес өткізді. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан экономикасындағы көлік-логистика саласының ерекше рөлін атап өтті. Оның айтуынша, бұл сала өңірлердің өзара іс-қимылын жандандыру үшін маңызды. Дегенмен, геосаяси жағдай мен санкциялық текетірес дәстүрлі көлік-логистикалық тізбектердің үзілуіне алып келді. Президенттің пікірінше, отандық өнімнің қауіпсіз әрі үздіксіз экспортын қамтамасыз ету үшін кешенді шаралар қабылдау талап