16 ақпанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Украина президенті Владимир Зеленский телефон арқылы сөйлесіп, екі ел арасындағы «гуманитарлық байланыстарды» талқылады. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады. Тоқаев Зеленскиймен сөйлескенде Ресей мен Украина арасындағы соғысты «БҰҰ жарғысымен және дипломатиялық жолмен шешуге қатысты Қазақстанның ұстанымын» қайталаған. Ақорда телефонмен сөйлесу украиналық тараптың бастамасы екенін хабарлады. Украина президентінің кеңсесі бұл